ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

16/01/2026
2026 жылдың 15–16 қаңтарында Назарбаев университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты республикалық деңгейдегі форум өтті. Аталған іс-шара Қазақстандағы ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін саралап, оның даму перспективаларын айқындауға арналған кәсіби диалог алаңы ретінде ұйымдастырылды. Форумға еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары, халықаралық сарапшылар және білім сапасын қамтамасыз ету, аккредиттеу саласының мамандары қатысты.
14/01/2026
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 100 жыл толуына орай 13 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Тұңғыш ұлт театрына 100 жыл: дәстүр, жаңашылдық және көркемдік трансформация» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция ұлт театрының ғасырлық тарихын, көркемдік даму жолдарын және театртану ғылымындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде қарастыруды мақсат етті. Іс-шара барысында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директоры Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау хатын жеткізді. Құттықтау хатта Ұлт театрының қазақ мәдениеті мен рухани кеңістігін қалыптастырудағы тарихи рөлі, ұлттық сахна өнерінің кәсіби деңгейге көтерілуіндегі маңызы және театрдың қазіргі заманғы мәдени үдерістердегі орны жоғары бағаланды.
12/01/2026
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 12 қаңтар күні «Keruen» журналын халықаралық Scopus, WoS дерекқорларына енгізуге дайындау мақсатында арнайы вебинар өтті. Талқылау барысында гуманитарлық бағыттағы ғылыми журналдарға қойылатын Scopus, WoS талаптары, басылымның дербес ғылыми тұжырымдамасын жетілдіру, рецензия сапасын қамтамасыз ету, халықаралық ауқымды кеңейту, басылымның дәйектемелік индексін жоғарылату мәселелері жан-жақты қарастырылды.
05/01/2026
Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында республика халқы үшін өзекті күрделі мәселелерді толық қамтуға тырысыпты. Әрине, көлемді сұхбатта ең әуелі еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты салық реформасы, энергетикалық, коммуналдық сектордағы реформалар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарындағы даму туралы толымды ақпараттар берілуі өте орынды.

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану

Соңғы жарық көрген кітаптар